Жаңалықтар

Биылғы мамырда да Қазақстанда әскери шеру өтпейтін болды

Биылғы мамырда да Қазақстанда әскери шеру өтпейтін болды

Биыл Қазақстанда әскери шеру өтпейді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінде Қорғаныс министрлігі әскери-патриоттық іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр әрі ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге құрмет көрсету, соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу, олардың ерлігін БАҚ-та жариялау бағытында жұмыстар жүргізіледі. Биыл 7 және 9 мамырда өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат министрліктің сайтында жақында жарияланады.