Жаңалықтар

Табиғаты тамылжыған Жуалы

Табиғаты тамылжыған Жуалы

Табиғаттың таңғажайып сырларын тал бойына сіңіріп алған Жуалыдай жаннат мекен бар ма, сірә?! Дәл қазір осы бір гүлзарбақтай құлпырған мекеннің жауқазындары көздің жауын алып, таласа өсіп жатқандай. Құстары қиқулап, малдары шұрқырап, ауыл-ауылды азан да қазан қылып, өзінше бір күйге бөлегендей. Осы бір көктемнің жаймашуақ күні қашанға дейін созылар екен дейсің мұндайда. Иә, суының өзі бал татыған Жуалыдай мекенді жұмыр жердің бетінен қазаққа бөліп бере салған Тәңірге алғыс айтасыз мұндайда. Кейде бізге Жуалыға келген құстардың өзі жыр шығаратындай сезіледі. Әрине, осынау Алатау мен Қаратауды тұтастырып, Қошқарата мен Ақсу Жабағылы сілемдері қоршаған мекенге кімнің болса да аңсары ауып тұратыны анық. Шөбінің өзі мың түрлі дертке дауа осынау мекеннің ауасы қандай таза болса, ондағы халықтың пейілі де сондай таза. Мұндай биік жерлердің қадірін білу үшін де адамда биік сана болу керек шығар деп түйесің кейде. Бұл жолғы фоторепортаж айдарында талай байқауларда топ жарған талантты фототілші Алтынбек Қартабайдың қырағы көзіне ілінген Жуалы табиғатының көктемдегі керемет көріністерін ұсынып отырмыз.

РЕДАКЦИЯДАН

[gallery columns="1" size="large" ids="11578,11579,11580,11581,11582,11583" orderby="rand"]