Әлеумет

«Жалынды жас – дарынды ұрпақ»

«Жалынды жас – дарынды ұрпақ»

Шығармашылықтың шынары болып, халық дәстүрін ұлықтап жүрген дулатилық өнерпаздар бірнеше жылдан бері халық қошеметіне бөленіп келеді. Нәтижелі еңбектің жемісін «Мәдениет және өнер» кафедрасынан түлеп ұшқан түлектерден көруге болады.

Осы ретте кафедра ұжымының ұйымдастыруымен «Жалынды жас – дарынды ұрпақ» атты мектепаралық өнер фестивалі өтті. Биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отырған өнер фестиваліне өтініштер наурыз айынан бастап қабылданған. 18 мектептен жиналған жастардың арасынан нағыз өнерпазды таңдау қазылар алқасына оңайға соқпады. Жарыс 3 бағыт бойынша өтті. Олар: «Хореография», «Көркем сөз оқу» және «Вокал». Әр қатысушының таланты мен қабілеті маңызды екенін ұйымдастырушылар басты назарға алды. Тартысты бәсекеде жоғары деңгейде өнер көрсеткен қатысушылар арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Дулати университетінің баспасөз қызметі