Жаңалықтар

«Жайдарман» ойындары мәреге жетті

«Жайдарман» ойындары мәреге жетті

Университетімізде «Жайдарман» ойындарының финалдық кезеңі өтті. Қоғамдағы өзекті мәселелерді әзілмен астарлап жеткізген жастар оқу жылының басынан бері 5 кезең бойынша өнер көрсетті.

Ақтық айқаста «Престиж», «Әдеби жігіттер», «Болашақ мамашалар», «Бренд» және «Қарасаз» командалары бақ сынасты. Көрермендердің қошеметіне бөленген жастар тың дайындықпен келгенін тағы да бір дәлелдеді. Алдын ала берілген тапсырма бойынша «Жұлдызбен көрініс» кезеңінде әлеуметтік желідегі аса танымал блогерлер мен ардагер жайдарманшылар дулатилықтармен бірге өнер көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен «Бренд» және «Болашақ мамашалар» командалары қос чемпиондыққа ие болса, «Престиж» бен «Әдеби жігіттер» II және III орындарды өзара бөлісті.