Жаңалықтар

Университет аруы анықталды

Университет аруы анықталды

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Дулати аруы-2023» байқауы өтті. Сайыста білімі мен сымбаты келіскен 12 ару сынға түсті.

Қазақ халқының педагогикасы негізінде салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, нәзіктік пен сұлулықты бойына сіңірген «Қазақ аруы» эталонын қалыптастыруды көздейтін бұл байқау көпшіліктің көңілінен шықты. Ақыл-парасатымен ел басқарған, талайды тәнті еткен қазақтың даңқты қыздарының тұлғасын жастарға үлгі етіп қана қоймай, осы көріністерді сахналап көрсеткен арулар бірінен-бірі өткен өнерлі, талантты. Сұлулықты ғана емес, білім мен парасатты тең ұстаған аруды анықтау қазылар алқасына оңайға соқпады. Байқау сәлемдесу, өнер сайысы, танымдық сайыс және кешкі сән үлгісін көрсету секілді 4 кезеңнен тұрды. Сыннан сүрінбей өтіп, көрермен көңілінен шыққан аруларымыз жеңіс тұғырынан көрінді. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» институтының «Жерге орналастыру» мамандығының 1-курс студенті Карина Хамитова иеленді. І орынды Аружан Әзімбай еншілесе, ІІ орын Әлия Жаңабаеваға бұйырды. Диляра Айнақұлова және Нұршахризада Салимова ІІІ орыннан көрінді. Барлық қатысушылар алғыс хат және дипломмен марапатталып, бағалы сыйлыққа ие болды.