Балалар поэзиясы
Балалар поэзиясы
Мен автормын Ақын аты алысқа шапты құлын, Тапқандай өз жолынан тақ тұғырын. Түсінбеймін мына бір дүниеде, Әйтеуір бір нәрсенің авторымын. Еркелеген елімнің еренімін, Беті қайтпас айтқаннан, дегенінің. Поэмалар шұбыртып жазбасам да, Авторымын қарапайым өлеңімнің. Құдайдың мына мен де бір құлымын, Турашылдық жолында құлдық ұрдым. Жік-жапар болып жатқан бұл фәниде, Авторымын жасаған тірлігімнің. Аңғарамын жүрегімнің тәтті қырын, Шыққанда бұл өмірден қатты ығырым. Бәрі құрсын, басқасында шаруам жоқ, Өз өмір жолдарымның авторымын. Табиғаты ең керемет кең өлкем Көркеміңе қарағанмен күле мен, Өзің үшін уайымдаймын, түнерем. Несіне жүр мына балаң далаңда, Болмысыңа арнамаса бір өлең. Шешім бар ма мен білмеймін бұл дауға, Қолқа қылсам жанайқайды тыңдар ма? Басқа қырдың Ыстықкөлін қайтесің? Ен даламның Алакөлі тұрғанда. Есің кірер бауыр елге ұрғанда, Мәсі көрер өзің тіккен шұлғау да. Швейцарияның тау мен тасын қайтесің? Кең даламның Бурабайы тұрғанда. Еш кідірмей шығарамын шынды алға, Көліңде түп, асқарыңда шың бар ма. Қара, Қызыл теңіздерді қайтесің? Шер даламның қарт Каспийі тұрғанда. Қателік бар қызы менен ұлдан да, Елге қолдау аса қатты қылмауда. Эверестің бөтен шыңын қайтесің? Өр даламның Алатауы тұрғанда. Жерұйықты бұл қазақтан іздеп кет, Таңдай алмай қыс пен жаз, күз де өтпек, Сенің таңдай қақты жерің өте көп, Айта алмаспын бір өлеңге тізбектеп. Бағым неткен өзіңде өскен бес елі, Сұлулықтың қолыңда тұр нешеуі. Бақыттымын, себебі бұл даламды, Ертеңгі күн балам көріп өседі. Бауыр басқан сен анасың, мен еркең, Мені көптен қорғап тұр ғой көлеңкең. Басқалары өр бағасын білмейтін, Табиғаты ең керемет кең өлкем. Санжар ТЫНЫШБЕК, №32 В.Маяковский атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы «Анашым» Көңілі шетке кетсем алаңдайды, Ылғи да айтқанымды орындайды. Сөздерім өзің жайлы шексіз еді, Мың өлең жазып берем анам жайлы. Әлдилеген анамнан әнді есіткем, Қандырар құлағыңды мәнді есіткем. Төрт бөліп түн ұйқыңды балаң үшін, Білегің талған емес тал бесіктен. Тілерім аман болшы, жаным анам, Арналды еңбегіңнің бәрі маған. Нәп-нәзік алақаның жібектен де, Сүтіңнің балдан тәтті дәмі маған. Қайғы келмес жүзі шуақ арайыңа, Анамның кір түспесін самайына. Данасың әлемде жоқ сен мен үшін, Меккенің алып барам сарайына. «Тарихы терең Таразым» Таразымның тарихы да тереңде, Есіміңді ұстап өтем төбемде. Ғажабыңды, ажарыңды ұлықтап, Қалай ғана сыйғызайын өлеңге? О, Таразым, қымбат маған кең далаң, Жұпар желің болар менің ем-дауам. Мөлдіреген Талас өзен тамшысы, Айша бибі көзіндейсің сен маған. Беу, Таразым, сенсің менің киелім, Тұрпатыңа басымды да иемін. Жібек жолы жүріп өткен өлке деп, Әрбір түйір топырағыңды сүйемін. Қадіріңді әрқашан да ұғамын, Тек өзіңе арналады жыр-әнім. Тарихыма көз жібергім кеп тұрса, Қаратаудың төбесіне шығамын. Өзің жайлы өлең жаздым тосылмай, Жүректегі ыстық сезім басылмай. Таныстырам қонақ болған адамға, Таразымның табиғаты осындай. Ерасыл ӘБДІБЕК, Айшабибі орта мектебінің 10-сынып оқушысы