Білім

ҰБТ-да та Менделеев кестесін пайдалануға рұқсат беріледі

ҰБТ-да та Менделеев кестесін пайдалануға рұқсат беріледі

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі.

ҰТО басшысы Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында Атырау қаласы мектептерінің түлектерімен кездесу өткізіп, Менделеев (Химиялық элементтердің периодтық жүйесі) және тұздар ерігіштігі кестесінің басып шығарылған нұсқасын көрсетті.

ҰТО директорының айтуынша, талапкерлер кестенің электрондық немесе қағаз форматын да қолдана алады. Сондай-ақ, ол талапкерлерге қағаз нұсқасын тест әкімшілері ҰБТ-ның өзінде беретінін ескертті. Естеріңізге сала кетейік, тестілеу кезінде барлық талапкер үшін компьютер экранында «Математикалық сауаттылық», «Математика», «Информатика», «Физика», «Химия» және «География» пәндері бойынша есептерді шешу үшін калькулятор қолжетімді болады.