Соттан тыс банкроттыққа өтініш бергендер көбейген
Соттан тыс банкроттыққа өтініш бергендер көбейген
Оған облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің берешектермен жұмыс басқармасының басшысы Ерлан Нұрмаханбетов және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Тараз қаласы бойынша өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Дәурен Төлепбергенов қатысып, салада атқарылған жұмыстар ретін баяндады. Ерлан Мирамбекұлының айтуынша, облыс бойынша соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану үшін 3 544 өтініш түскен. Қазіргі таңда 2 641 өтініш қаралып, оның ішінде 507 өтініш бойынша соттан тыс банкроттық рәсім жүргізіліп жатыр екен. 2 134 өтініш бойынша сот банкроттығын қолданудан бас тартылыпты. – Заң талаптарының нормаларына сай келмегендіктен бас тартылған өтініштердің үлесі бүгінде 80,8 пайызды құрады. Бұдан бөлек 903 өтініш әлі қаралып жатыр. Банкрот деп танудан бас тартудың үлес салмағының көп болуына азаматтардың соңғы 6 айда мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алғанының расталмауы, атында жылжымайтын мүлкінің бар болуы секілді өзге де мәселелер сеп болып тұр, – деді Е.Нұрмаханбетов. Брифингте Дәурен Абданұлы соттан тыс банкроттыққа өтініш беру кезінде қандай талаптардың сақталуы тиіс екенін түсіндірді. Жиын соңында өңірдегі БАҚ өкілдері көкейдегі сауалдарын қойып, тұшымды жауапқа қанықты.
Н.БОЛАТҰЛЫ