Қоғам

Алтай Көлгінов биыл жәрдемақылар қалай, қаншаға өсетінін айтты

Алтай Көлгінов биыл жәрдемақылар қалай, қаншаға өсетінін айтты

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде биыл жәрдемақылар қалай, қаншаға өсетінін айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.«Жыл басынан бері мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған 900 мыңға жуық адам алатын әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 8,5% өсті. Ал бірінші шілдеден бастап сіздің тапсырмаңыз бойынша бұл төлемдер тағы 14,5% өседі. Сонда биыл жылдық өсім 23% болады», -

деді Алтай Көлгінов. Оның айтуынша, жыл басынан бері 1 млн 200 мың адамның айлығы 30% өскен. «Бірінші қыркүйектен бастап 380 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 20% , колледждерде 50% артады. Мемлекеттік қолдаудың әлеуметтік шаралары 4 400 мың қазақстандыққа әсер етті. Сіздің бастамаңыз бойынша депозиттерге 10 пайыз өтемақы төлеу шарасының аясында наурыз айында 2 млн 600 мың салымшыға 307 млрд теңге төленді», - деді үкімет басшысының орынбасары. Айта кетейік, Үкімет үйінде Президент төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтіп жатыр.