Спорт

ӘУЛИЕ-АТА ПАРАВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫ ЖАҢА СПОРТ ЖАБДЫҚТАРЫМЕН ЖАТТЫҒУДА

ӘУЛИЕ-АТА ПАРАВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫ ЖАҢА СПОРТ ЖАБДЫҚТАРЫМЕН ЖАТТЫҒУДА

Осы жылдың қаңтар айында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының біріңғай қайырымдылық операторы - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен Жамбыл облысының параволейболшыларына құрал-жабдықтар сыйға тартылған еді. Атап айтқанда аймақтағы параволейбол клубтарына отырып ойнайтын волейболға қажетті еден жабындарын, тіректер мен торлар жиынтығын, сондай-ақ волейбол доптарын тегін табысталды.

Сонымен қатар, ҚР параволейбол командасы үшін жарақат алған кезде қалпына келтіру процестерін жүзеге асыру үшін қажетті криотерапия жүйесі сатып алынды. Жобаның жалпы құны 3 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта Жамбылдық құрамасы биылғы жазда Астана қаласында өтетін Азия чемпионатында өнер көрсетуге дайындалу үстінде. Егер ол жерде параволейболшылар тиісті жолдаманы ұтса, 2024 жылы Парижде өтетін Параолимпиада ойындарына баруға мүмкіндік алады. «Биылғы жыл өте табысты басталуда, өйткені біздің өңірдің параволейболшыларына «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен спорттық жабдықтар берілді. Бұл заттарды көптен күттік. Мұндай мүмкіндіктер команданың ары қарай да нәтижелі ойындар көрсетіп, жеңіске жетуге жетелейді. Бүгінгі таңда облыстық құрама да 13 адам ойнап жүр» - дейді параволейболдан Жамбыл облыстық құрамасының мүшесі Қанат Бұралқиев.  Жалпы, 2017 жылдан бастап 2022 жылдар аралықта Жамбыл облысына 1,3 миллиард теңгеден астам қаражатқа 13 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды және олар қазіргі уақытта өз жұмысын нәтижелі жалғастырып келеді.  Бұл «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржыландыруының арқасында мүмкін болып отыр. Бұл жоба тек Жамбыл облысын ғана қамтып отырған жоқ. Сонымен қатар, Ақтөбе, БҚО, Атырау және Маңғыстау облыстарында да жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы бюджеті 18 млн. 400 мың теңгені құрады.