Жаңалықтар

Суицид көбінесе әскерде болады деген пікір шындыққа жанаспайды – Бас әскери прокуратура

Суицид көбінесе әскерде болады деген пікір шындыққа жанаспайды – Бас әскери прокуратура

Қазақстандағы суицид көбінесе әскерде болады деген пікір ресми мәліметтермен расталмайды. Бұл туралы Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары, әділет подполковнигі Мақсат Қазиев айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Оның айтуынша, уәкілетті органдар қабылдап жатқан шараларға қарамастан әскери қызметшілердің қазаға ұшырау жағдайы жалғасып жатыр.

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары өз-өзіне қол жұмсау жағдайы бүгінде бәрін алаңдатып отырғанын ашық айтты.

Мақсат Қазиевтің пікірінше, бұл деректер суицид көбінесе әскерде болады деген түсінікті жоққа шығарады. «Қоғамдағы өз-өзіне қол жұмсау көбінесе әскерде болады деген пікір ресми мәліметтермен қуатталмайды. Бұл ретте денсаулықты қорғау мен профилактикасы бойынша уәкілетті орган Денсаулық сақтау министрлігі екенін атап өткен жөн», - деді Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.