Жаңалықтар

Басы жарылған бала аман қалды

Басы жарылған бала аман қалды

2005 жылы туған бір жасөспірім жол апатының салдарынан басынан ауыр жарақат алған. Оны сол мезетте жедел медициналық жәрдем бригадасы ауыр жағдайда Қордай аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөлмесіне жеткізеді. Оған шұғыл түрде анестезия енгізіліп, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылды. Мидың компьютерлік томографиясы кезінде коронарлық тігісте депрессиялық сыну белгілері, екі жағында париетальді аймақтың эпидуральді гематомасы, мидың диффузды ісінуі анықталды.

Санитарлық авиация желісі бойынша кеңес алу үшін облыстық көпсалалы балалар ауруханасының мамандары – нейрохирург Мирдас Мурадов пен реаниматолог Равшан Пулатов шықты. Науқасты тексергенде және сынама нәтижелерінен кейін ашық бас миының жарақаты, 2-типті мидың көгеруі, тәж тігісі бойымен сызықты депрессиялық сыну, екі жағынан париетальді аймақтардың эпидуральді қан кетуі, мидың диффузды ісінуі, сондай-ақ 1, 2-дәрежелі кома деген диагноз қойылды. Өмірлік тәжірибе бойынша дәрігерлер шұғыл түрде орталық аудандық аурухана жағдайында хирургиялық ота жасау туралы шешім қабылдады. Бассүйегінің декомпрессиялық трепанациясы, париетальді аймақтардың эпидуральді гематомасын алып тастау және бассүйектің депрессиялық сынуын элевациялау жүргізілді. Операциядан кейін денсаулығы жақсарған науқас әуе санавиациясы желісі бойынша облыс орталығындағы балалар көпсалалы ауруханасына жеткізілді. М.Мурадовтың айтуынша, қазіргі уақытта жасөспірім өзін жақсы сезінеді. «AR-AI»-ақпарат