Жаңалықтар

Нұржан Боранбаев Тараз қаласының прокуроры болып тағайындалды

Нұржан Боранбаев Тараз қаласының прокуроры болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 14 сәуірдегі бұйрығымен Нұржан Қанайұлы Боранбаев Тараз қаласы прокурорының лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Нұржан Боранбаев 1976 жылы 2 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданында туған. Отбасылы. 1999 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін тәмамдаған. Прокуратура органдарында 2000 жылдан бастап қызмет атқаруда. Еңбек жолында Тараз қаласы прокурорының көмекшісі, Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының басқарма бастығы, Мақтаарал және Сарыағаш аудандарының прокуроры, Бас прокуратураның 2-қызметінің басқарма прокуроры, Түркістан облысының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі. Айта кетейік, бұған дейін біз Дәуір Дәулетов Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлаған болатынбыз. Ол 2018-2023 жылдары Жамбыл облысы, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.