Жақсылық жасап жарысайық
Жақсылық жасап жарысайық
Балалар сапалы қызмет алу керек. Мемлекет басшысы өз сөзінде осылай деген болатын. Мемлекет тарапынан арнайы психолог мамандарының даярлануына назар аударылуы керек. Қаламыздағы №25 орта мектепте ерекше білім алуды қажет ететін 26 оқушы бар. Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай мектебімізде «Бақытты балалық шақ» атты іс-шара өткізілді. Оған атсалысушы бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес танымдық ойындар мен өнерлерін ортаға салып, оқушылардың қоғамға бейімделу әрекеттерін айқындап көрсетті. Демек, оқушылардың кіршіксіз көңіл күйлеріне қуаныш сыйлаған шараның жалғасы концерттік бағдарламамен ұласты. Іс-шара барысында бастауыш сынып ұстаздары оқушылар мен олардың ата-аналарына өздерінің шынайы лебіздерін білдіріп, сыйлықтар табыстап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың қоғамға бейімделе түсуі үшін осындай іс-шаралардың жүргізіле түсуі үрдіске айналуы тиіс. Ол біздің, яғни ұстаздардың қоғам алдындағы ортақ парызымыз! Ботакоз САРСЕМБЕТОВА, №25 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары