Көктемгі дала жұмыстары қыза түсті
Көктемгі дала жұмыстары қыза түсті
Оның айтуынша, биыл 770,4 мың гектар алқапқа ауылшаруашылық дақылдарын егу жоспарланған. Оның ішінде 398,3 мың гектарға дәнді және дәнді бұршақты дақылдар, 72,1 мың гектарға майлы дақылдар, ал қант қызылшасын айдауға 10,4 мың гектар жер, картопқа 11,8 мың гектар жер қарастырылған. Сондай-ақ көкөністер мен бақша дақылдарын себуге 61,6 мың гектар жер бөлінсе, мал азығы дақылдарына 216,2 мың гектар қарастырылып отыр. – Қазіргі таңда көктемгі дала жұмыстары қызу жүріп жатыр. Биыл егін егуден бөлек, 54 мың тонна тыңайтқышты 280 мың гектар алқапқа енгізу жоспарланып отыр. Оған «Минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы аясында бюджеттен 1 миллиард 71 миллион теңге қарастырылған. Бүгінгі күні 5 266 тонна тыңайтқыш 13,1 мың гектар алқапқа себілді. Сондай-ақ биыл қант қызылшасы дақылының егістік алқабы 10,4 мың гектарға жеткізілетін болғандықтан, сәйкесінше қант зауытына өңдеуге тапсырылатын 323 мың тонна қант қызылшасын субсидиялау көзделіп отыр. Оған бюджеттен 8 миллиард 75 миллион теңге қарастырылған. Жалпы қазіргі таңда көктемгі дала жұмыстарына қажетті 90,8 мың тонна тұқым көлемінің бүгінгі таңда 82,6 мың тоннасы қолда бар, – деді басқарма басшысы. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыты бойынша жергілікті бюджеттен 857 миллион теңге бөлінген. – Өздеріңіз білесіздер, қазір көктемгі дала жұмыстары қызу жүріп жатыр. Оған 6 893 дана ауылшаруашылық техникасы жұмылдырылды. Оның 4 529-ы трактор, 1 071-і соқа, 457-сі қопсытқыш, 746-сы дән сепкіш, 90-ы тұқым дәрілегіш. Сонымен қатар биыл ауылшаруашылық техникаларын 12 пайызға жаңарту көзделген. Биылғы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша 213 ауылшаруашылық техникасы алынды. Ал көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облысқа 15,5 мың тонна дизель отыны бөлінді. Бөлінген дизель отынын агроқұрылымдарға тарату үшін облыс бойынша 14 оператор белгіленіп, 1 литр дизель отыны 204-214 теңге аралығында шаруаларға таратылып жатыр, – деді Шәкір Мадиярбекұлы.
Шапағат ӘБДІР