Мемлекеттік қызметші – мемлекет айнасы
Мемлекеттік қызметші – мемлекет айнасы
Жалпы мемлекеттік қызметшіге артылар жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Мемлекеттік қызметші заң тұрғысынан да, адами тұрғыдан да барлық талапқа сай болуы тиіс. Мәселен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдік-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қол сұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс. Мемлекеттік қызметші мемлекеттің айнасы, мемлекеттің табысты жұмыс істеуінің кепілі болғандықтан бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайының алдын алуға бағытталған. Әсіресе ашықтық және қызмет алушыға бағдарлану қағидаттарын сақтау талаптарына басымдық берілген. Өз кезегінде халықпен қарым-қатынас мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің негізгі сапасы болғандықтан мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде халықтың сұранысына бағдар ұстану және өз жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуі қажет. Әдеп кодексінің басты міндеті – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды әзірлеу. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау да басты міндеттің бірі. Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу де бүгінгі заман талабы. «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» депті Алаш арысы Әлихан Бөкейханов. Еліміздің болашағы үшін мемлекеттік қызметкерлер адамдық парасаты мен кәсіби біліміне байланысты өз қызметін адал және абыроймен атқаруы қажет.
Нұрғали НИЯЗҚҰЛОВ, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Әдеп жөніндегі уәкілі