Депутаттар атаулы әлеуметтік көмекті алып тастауды ұсынды
Депутаттар атаулы әлеуметтік көмекті алып тастауды ұсынды
Депутаттар сауалды премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдады. Мәжілісмен Гауһар Танашеваның айтуынша, бүгінде көпбалалы отбасылардың басым бөлігі өмір сүру жағдайына бейімделмеген, жалға берілетін бөлмелерде тұрады.
Осыған байланысты ол АӘК-ті алып тастауды ұсынды. «Қазақстан Халық партиясының фракциясы атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) алып тастау қажет деп санайды. Өйткені оны алу процесі күрделі және қорлау түрінде жүзеге асырылады. АӘК-ге үміткер болу үшін көпбалалы, жұмыс істемейтін аналарға жүздеген сынақтан өту керек. Әдетте әйелдер бюрократия мен мемлекеттік органдардың әуре-сарсаңынан салын суға жібереді. АӘК-ті алып тастау ең жақсы шешім болмақ», - деді депутат. Оның пікірінше, атаулы әлеуметтік көмек алынса, балаларға төленетін жәрдемақының мөлшерін арттыру керек.
Мұнда инфляцияның тұрақты өсуі, экономикалық тұрақсыз жағдай, тұрғын үйдің жоқтығы және халықтың осы санатындағы адамдардың тұрақты жұмыспен қамтылмағаны ескерілмеген», - деді Гауһар Танашева. Депутаттың айтуынша, бүгінде халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған жәрдемақыны қалыптастыру саясаты тұтастай алғанда халықтың осы санатының қажеттілігін қанағаттандырмайды. «Осы саладағы мемлекеттік органдар жүргізетін реформалардың барысы туралы толық ақпарат беруді, сондай-ақ АӘК және 18 жасқа дейінгі бірыңғай балалар жәрдемақысын есептеу әдістемесін қарауды сұраймыз», - деп түйіндеді ол сөзін.