Қазақстанда 2-сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан шет тілі алып тасталуы мүмкін
Қазақстанда 2-сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан шет тілі алып тасталуы мүмкін
Қазақстандық екінші сынып оқушыларының оқу бағдарламасынан шет тілі алып тасталуы мүмкін. Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" сайтында пайда болды, - деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Дайындалған құжатта 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап екінші сыныптарда "Шетел тілі" пәні алып тасталатыны айтылған.
10-11-сыныптарда оқу жүктемесі қысқартылған үлгілік оқу жоспарларында "Шетел тілі" пәні бойынша сағат саны ауыспалы жүктеме сағаттарына байланысты бір сағатқа ұлғайтылған.
Түзетулер жобасы 24 сәуірге дейін қоғамдық талқылауда болады.