Жамбыл ауданындағы 4 ауылға 20 мың ағаш егілуде
Жамбыл ауданындағы 4 ауылға 20 мың ағаш егілуде
Жалпы бұл жұмыстардың барысын білу үшін аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Үсенбаевтан сұрағанымызда, ол: – Өңірде тал егу жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында және 2021-2025 жылдарға арналған елді мекендерді көгалдандыру өңірлік жоспарына сәйкес биыл аудан аумағына қарасты Қарасу ауылдық округі аумағында 4 гектар, Бірлесу-Еңбек ауылынан 5 гектар, Көлқайнар ауылдық округі жерінен 5 гектар, Айшабибі ауылдық округі жерінен 4 гектар жерге 20 мың көшет ағаштарын отырғызу жүргізілуде. Бүгінде Айшабибі мен Бірлесу-Еңбек ауылында бұл жұмыстар мәреге жақындады, – дейді ол.