Оңтүстік Кореяға заңсыз жұмыс істеуге барған екі қазақстандық сотталатын болды
Оңтүстік Кореяға заңсыз жұмыс істеуге барған екі қазақстандық сотталатын болды
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ұсталған Қазақстан азаматтарына қазіргі кезде 3 айып тағылып отыр. Олар елге заңсыз кіру, елде заңсыз болу және әуежайы объектілері мен оның ғимараттары туралы заңды бұзу.
Оның айтуынша, Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі жергілікті құқық қорғау органдары және ұсталған қазақстандықтардың туыстарымен тұрақты байланыста.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 24 наурызда Инчхон әуежайында паспорттық бақылау өту барысында Ташкенттен келген 2 Қазақстан азаматына Оңтүстік Кореяға кіруге бас тартылды. Олар депортациялауды күту үшін арнайы бөлмеге орналастырылған. Алайда түнде қазақстандықтар қашып, Оңтүстік Корея аумағына заңсыз кірген. 26 наурызда бір Қазақстан азаматы ұсталды, ал 29 наурызда екінші қазақстандық өз кінәсін мойындап, өз еркімен берілді.