Қызылша ауруы: Мектептерде карантин енгізіле ме?
Қызылша ауруы: Мектептерде карантин енгізіле ме?
Елімізде балалар арасында қызылша ауруы өршіді, деп Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният инфекциялық аурулардың шетелден келгенін айтты. Айтуынша, мұның алдын алу үшін қазіргі таңда қызылшаға қарсы вакциналау жүріп жатыр.
Сонымен қатар Ажар Ғиният мектептерде карантин талаптарын енгізу қарастырылмағанын айтты.