Жаңалықтар

ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Үздік тәжірибе орталығы бүгінде Меркі, Жамбыл, Талас аудандық орталық ауруханаларында және №2, №5 қалалық емханаларында іске қосылып, жұмыс атқаруда.

Ағымдағы жылы Қордай аудандық орталық ауруханасында және Шу қалалық емханасында ашу жоспарлануда. Бүгінгі таңда мамандарды оқытып дайындау, кабинеттерді жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындарға шұғыл, жоғары технологиялық медициналық көмекті алтын сағат қағидасын жоғалтпай көмек көрсету мақсатында 3 аудандағы (Меркі, Талас және Шу) аудандық орталық ауруханалары көпбейінді ауданаралық ауруханалары болып жаңғыртылады. Бұл ауруханаларда травматология, 2-3 деңгейлі инсульт орталығы немесе тері арқылы коронарлық араласу орталығы, перинаталдық орталық немесе босандыру бөлімі, хирургиялық бөлім, реанимация және интенсивті терапия және медициналық реабилитация, қайта қалпына келтіру бөлімдері ашылады. Бұл 340 мыңнан астам адамға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі