Заң

Интернеттегі жарнама мен платформалардың қызметін реттейтін жаңа заң әзірлеу ұсынылды

Интернеттегі жарнама мен платформалардың қызметін реттейтін жаңа заң әзірлеу ұсынылды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі интернеттегі жарнама мен онлайн платформалардың қызметін реттейтін жаңа заң әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Соңғы жылдары әлемдік үрдіс неғұрлым қауіпсіз және ашық онлайн ортаны қамтамасыз ету үшін мемлекеттер мен онлайн сервистер иелерінің үйлесімді іс-қимылы қажеттігін көрсетеді. Әлеуметтік қатынастарды онлайн форматта дамыту, сөзсіз, экономикалық қатынастардың дамуына әкеледі. Дәстүрлі экономикалық модельдерді материалдық емес «капиталға» және материалдық емес активтерге негізделген цифрлық экономиканың жаңа форматына түрлендіру жүзеге асырылып жатыр. Соның нәтижесінде тауарлар мен қызметтерді ілгерілетудің негізгі құралы ретінде жарнаманың рөлін қайта қараудың шұғыл қажеттілігі туындайды. Онлайн платформалардың әлемдік және ұлттық даму динамикасын, интернеттегі жарнама құралдарының үнемі жетілдіріліп отыратын алуан түрлілігін ескере отырып, Қазақстанда олардың жұмыс істеуі үшін заңнамалық негіз тиісті түрде қалыптастырылмаған. Демек, өзекті тұжырымдамалық аппарат жоқ, пайдаланушылардың өзара және онлайн платформалар әкімшілігімен өзара іс-қимылы бөлігінде бірқатар көлеңкелі схема бар», - деп жазылған «Ашық» НҚА порталында жарияланған консультативтік құжатта. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, аталған мәселелер заң шегінде жұмыс істейтін кәсіби журналистер мен реттелмейтін онлайн платформалар арасындағы бәсекелестікте тең мүмкіндік бермейді. «Осыған байланысты мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұраныстары мен даму үрдістерін ескере отырып, интернеттегі жарнама және онлайн платформалар туралы заңнамалық негіздерді белгілеуге бағытталған Қазақстан Республикасының жаңа заңын әзірлеу ұсынылады», - делінген құжатта.