Саясат

Қазақстандық депутаттар ресейлік депутаттың мәлімдемесіне жауап берді

Қазақстандық депутаттар ресейлік депутаттың мәлімдемесіне жауап берді

Мәжіліс пен Сенат депутаттары Айгүл Құспан мен Мұхтар Құл-Мұхаммед ТМД істері жөніндегі Мемлекеттік Дума комитеті төрағасының бірінші орынбасары Константин Затулиннің Қазақстан туралы мәлімдемесіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мәжілісмен Айгүл Құспанның айтуынша, Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуы қарсаңында Затулин "Қазақстанды қорқытпақ болып, шабуыл жасады".

Депутаттың айтуынша, ішінара жұмылдыру жарияланғаннан кейінгі бірінші күні-ақ Қазақстанға 10 мыңға жуық ресейлік келді. Билік те, халық та оларға ешқандай кедергі келтірмеді.

Константин Затулиннің "Қазақстанның Ресеймен қарым-қатынастағы тайғақ жолы" туралы мәлімдемесіне сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед те түсініктеме берді.