Қазақстанда ең төменгі жалақы жаңа әдістеме бойынша анықталады
Қазақстанда ең төменгі жалақы жаңа әдістеме бойынша анықталады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушы Тамара Дүйсенова ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) жаңа әдіспен есептеу жоспарланып отырғанын айтты, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ең төменгі жалақы мөлшері орташа жалақы мен еңбек өнімділігіне қарай белгіленеді.
Ол 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін Еңбек кодексіне әдістемені заңнамалық тұрғыдан бекіту бойынша тиісті түзетулер әзірленетінін айтты.