Жамбыл жаңалықтары

Жазасын өтеуші ер адам бейнебайланыс арқылы отбасымен сөйлесті

Жазасын өтеуші ер адам бейнебайланыс арқылы отбасымен сөйлесті

Сот үкімімен кінәлі деп танылып, жабық мекемелерде жазасын өтейтін азаматтардың қоғаммен байланысын арттыру айрықша назарда. Әсіресе, олардың отбасымен қарым-қатынасының үзілмеуі ерекше бақылауға алынған. Өйткені, түзелу жолына түсудің бірден-бір жолы осы. Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтейтін ер адам бейнебайланыс арқылы туған-туыстарымен тілдесті. Осылайша, ол онлайн байланыс барысында ет жақындарының амандығын білді. Айта кетейік, аталған ер адам ҚР Қылмыстық Кодексінің 345 бабына сай кінәлі деп танылып, темір торға тоғытылған.