Жаңалықтар

Таразда ағаш көшеттері егіліп, қоқыстар тазалануда

Таразда ағаш көшеттері егіліп, қоқыстар тазалануда

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында көктемгі көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстары, санитарлық-тазалық жұмыстары жалғасуда.

Айталық, өткен сенбіде Тараз қаласының барлық округінде мекеме-ұйым қызметкерлері мен қала тұрғындарының қатысуымен ауқымды сенбілік өтті. Сонымен қатар "Жасыл ел-Тараз" мамандары, округ тұрғындары Әйтиев көшесіне, яғни Төле би даңғылынан Қонаев көшесіне дейінгі аралыққа 136 түп шаған (ясень), 58 түп қарағай, 130 түп туя, барлығы 324 түп тал-дарақ көшеттерін отырғызды. Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін көне шаһарда төрт мыңнан аса түрлі ағаш, екі мың түп жеміс көшеті егілді. Игілікті шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.