1 қыркүйекте барлық мектеп күзет құралдарымен 100% қамтылады – Ғани Бейсембаев
1 қыркүйекте барлық мектеп күзет құралдарымен 100% қамтылады – Ғани Бейсембаев
«Премьер-Министр білім мекемелеріндегі қауіпсіздікті күшейту туралы тапсырма берді. Осы орайда елдегі барлық мектептің қауіпсіздігін тексеруді тапсырдым. Тексеріс аяқталды, ол жұмысқа 162 мониторинг тобы қатысып, 800-ден астам адам тартылды. Оның арасында ішкі істер министрлігі, төтенше жағдайлар министрлігі, білім басқармасы мен біздің министрліктің мамандары болды», - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беріп. Оның айтуынша, таяуда мектептердің қауіпсіздік мәселесі бойынша толық ақпарат дайын болады. «Алдын ала мәліметке сәйкес, мектеп камералары мен дабыл түймелерін шұғыл басқару орталығына тікелей қосу бойынша проблема бар. Келесі мәселе қауіпсіздікті сапалы түрде қамтамасыз ету. Бүгінде аталған жұмысқа қажетті соманы бөлу бойынша кеңес өткізілді. 1 қыркүйекте бүкіл білім ұйымдары 100% күзет құралдарымен қамтамасыз етіледі», - дейді министрдің міндетін атқарушы.