Қазақстанда енді жалақының 15 пайызы зейнетақы қорына аударылады – Еңбек министрлігі
Қазақстанда енді жалақының 15 пайызы зейнетақы қорына аударылады – Еңбек министрлігі
2024 жылдан бастап қазақстандықтардың жалақысының 15%-ы зейнетақы қорына аударыла бастайды. Бұл туралы Halyq Uni YouTube арнасына берген сұқбатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет айтты.
Министрлік өкілінің мәліметінше, жұмыс берушінің 5 пайыздық қосымша аударымы жұмыскерлердің жалақысына әсер етпейді.