Жаңалықтар

Президент әкімшілігінің басшысы тағайындалды

Президент әкімшілігінің басшысы тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылып, ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

Олжас Абайұлы 1980 жылы 13 желтоқсанда Алматы қаласында туған. 2002-2005 жылдары Алматы қаласы әділет басқармасы бөлімінің бас маманы. 2005-2006 жылдары ҚР Премьер-министрі кеңсесінің заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы. 2006-2009 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінде жұмыс жасады. 2009-2012 жылдары Әділет министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары. 2012-2014 жылдары Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы. 2015-2016 жылдары Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті әкімшілігі басшысы хатшылығының меңгерушісі. 2016-2017 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы. 2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары. 2018-2019 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары. 2019-2022 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары. 2022-2023 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы болды.