Облыстағы оқ-дәрі қалдықтары жойылады
Облыстағы оқ-дәрі қалдықтары жойылады
деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы инженерлік әскерлерінің бастығы, подполковник Аралбек Берікұлы. Екінші спикердің мәліметінше, оқ-дәрілердің қалдықтарын арнайы жабдықталған орынға шығарып, жою жоспарланған. Барлық жұмыстар қауіпсіздік нормалары мен талаптарын қатаң сақтай отырып ұйымдастырылады. – Жергілікті тұрғындар мен маңайдағы шаруа қожалықтарына төнетін қауіп жоқ. Осыған байланысты Тараз қаласы мен Байзақ ауданындағы ауыл тұрғындарының алаңдамауын сұраймыз. Жою жұмыстары барысындағы жарылыстардың қуаты өткен жылмен салыстырғанда үш есеге аз, сәйкесінше мұндай жарылыстар оқ-дәрі бөлшектердің табылуына байланысты аптасына 1 рет жүргізілетін болады, – деді 28349 әскери бөлімінің командирі, подполковник Еркін Әбсадықов. Айта кету керек, аумақты оқ-дәрі қалдықтарынан қайта тазарту жұмыстары биыл қараша айының соңына дейін жалғасады.
Аяулым Болатқызы