Жаңалықтар

СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ АУЫСТЫ

СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ АУЫСТЫ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

1976 жылы Алматы қаласында туған. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған. 1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі. 1999-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Малайзиядағы атташесі. 2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы. 2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі. 2007 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы. 2007 жылы – Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Аппараты басшысының орынбасары. 2007-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Аппаратының басшысы. 2011 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 2011 жылы – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің директоры. 2011-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл. 2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары. 2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы. 2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2022 жылғы қаңтар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 2022 жылғы 1 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. Ағылшын және неміс тілдерін меңгерген. Үйленген, 4 баласы бар.