Әлеумет

«Үкілі қыз-2023» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Үкілі қыз-2023» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қыз баласы - ұлттың ұяты, әлеуметтің шырайы. Қазақ қашанда қыз баласының тәрбиесі мен құндылығына жіті  назар аударған. Туған елінің тарихы мен мәдениетін жетік меңгеріп, салт-дәстүр  мен әдет-ғұрыпты заманның талабымен сабақтастыра отырып,  имандылықтың жаршысына айналған өнегелі ұрпақты тәрбиелеу - қазіргі заманның басты талабы.  Осыған орай Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының Тәрбие жұмысы және жастар саясаты басқармасы мен Жамбыл облысының Іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде облыстық «Үкіліару-2023» сұлулық байқауы өтті.

Аталмыш байқаудың мақсаты- қазақтың халық педагогикасы  негізінде ұлттық кодымызды  дәріптеп, Әлия мен Мәншүк сынды қазақ  батыр қыздарының отты рухы мен «үлкенге құрмет, кішігеізет» сынды ұяңдық, биязылық, ізеттілік,қарапайымдылық сияқты нәзіктікті  бойына сіңірген «Үкілі аруды» қалыптастыру. Сайыста 15-23 жас аралығындағы ажарлы, ақылына көркі сай, сұлу да сырбаз  жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының 14 студент аруы бақ сынасты.

«Қыз баланың сұлулығы иманында,

Бойына жақсы қасиет жиғанында,

Анасының атына кір келтірмей,

Тәрбиемен ортаға сыйғанында», деп ақынжырлағандай, жібек мінезді, уыздай тәтті қылықты,қос бұрымы тау басынан құлаған бұлақтай,маржандай тізілген сымбатты аруларымыз байқау шарттары  бойынша сәлемдесу, өнер, танымдықжәне шаш өру мен аспаздық сайыстары бойынша өнерлерін ортаға салды.

Байқау қорытындысында кілең жүйріктердің ішінен оза шапқан М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Сәден Нұрсұлу «Үкіліару-2023» жеңімпазы атанды.

I дәрежелі диплом Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенті Еркеназ Дүйсенғалиқызына бұйырды. Ал сұлулығы мен  тапқырлығымен көзге түскен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенті Анеля Маратқызы мен Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының білімгері  Мадина Терекбаева II жүлделі дипломды иеленді. Ал Талас ауданының өкілі Жанбота Рақымжанқызы және Гүлжанар Керімқұлова(М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті), Жансая Бахтыбайқызы (Т.Рысқұлов ауданы, Құланауылы, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті ) үздік үштіктен көрінді.

Сонымен қатар өзге арулар мынадай номинациялар бойынша марапатталды:

«Әсем қыз» - Рахила Аңсарқызы (Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ);

«Әдемі қыз» - Әсел Жәкіш (Талас ауданы, Ойықауылы);

«Көрікті қыз» - Іңкәр Құдайбергенқызы (Тараз инновациялық көпсалалы колледжі);

«Шырайлы қыз» - Карина Қуанышева (Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі);

«Кербез сұлу» - Ботагөз Жеңісбекқызы (Жамбыл политехникалық жоғары колледжі);

«Зерделі қыз» - Амина Мұратқызы (Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі).

Барлық жүлделі орындар мен номинация иегерлері арнайы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ажар НИЯЗБЕКОВА,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4-курс студенті