Бұл фәниде маған қымбат сіз барсыз...
Бұл фәниде маған қымбат сіз барсыз...
Қырдан асып шуақты, елік күндер, Соңынан келе жатыр еріп гүлдер. Көлеңкеде толмаған көңілімді, Хош иісі даланың еліттіңдер. Жауынға шөліркеген, шаң басып гүл, Жарқабақтың шетіне жармасып тұр. Бір шөкім ақша бұлтқа жонын тосып, Аспанменен тұрғандай арбасып қыр. Самал тербеп, айнала сай-саласын, Майыстырып ойнайды майса басын. Аспан жерді сыйдырып жанарыңа, Тіршілікті тілдеуге тайсаласың. Күндер, айлар, жылдар да барады асып, Бір шөкім бұлт жүр көкте әлі адасып. Жарқабақтың шетіне жармасқан гүл, Жапырағын ашып тұр жағаласып. Балық ғұмыр Торға түсті ақ балық кешкірді іңір, Жат дауыстар жан-жақтан естілді бір. Су патшасы Сүлеймен жер бетінде, Енді билік құрмасын кеш білді бұл. Есіркемес ессізді есті ғұмыр, Көз алдында көрмеген кескіні тұр. Су орнына аузымен ауа қармап, Беймәлім өтіп жатыр бес күні бұл. Шоршығанда екпінмен қанат қағып, Көкке ұшқысы келетін талаптанып. Түннің тұнық екенін алғаш көрді, Соңғы рет көк жүзіне қарап қалып. Еркін еді, ерке еді жылдам, епті. Баяғы бал күндері зырлап өтті. Демі жетпей, «Беу дүние, қош!» дегендей. Үнсіз ғана құйрығы бұлғаң етті. Ақ ұлпа аппақ қар аялы Табиғат ғажайып ғазалым. Көзайым, көрген көз ғажабын. Ақ дала – ашылған ақ парақ. Суреттеп жаңа жыр жазамын. Ақ ұлпа жамылып даласын, Табиғат тапқандай жарасым. Жылдардан-жылдарға жол салып, Қыс келді сүйретіп шанасын. Сән көріп бақтарды саялы, Сырғанап жанарым таяды. Ақ қардай асылзат сезімдер, Шынайы бақыттың баяны. Кешігіп мезгілдің қонағы, Толастап тоқтамас ол әлі. Аспаннан қиыршық жұлдыздар, Қалықтап қолыма қонады. Бұтаққа ақ ине шаншылып, Иілді қыраулап тал шыбық. Ақ қарға шағылып Алтын күн, Шуағы нұрға тұр малшынып. Ақ ұлпа аппақ қар аялы, Балалық шағымдай баяғы. Көңілі кіршіксіз алдымнан, Ақ әлем құшағын жаяды. Тәтті едің өмір, тәтті едің неткен! Шайқалды жүрек, шайлығып қалып, Жанымды жеген жайды ұғып, танып. Тағдырға неге кінә қоямыз, Табанды жолдан тайдырып барып? Еш кеткен күндер, елес тұрағы, Тағдырдың бірақ емес тұманы. Бұлдыр да бұлдыр бұрынғы күндер, Көрінер көзге көмескі бәрі. Беймәлім сырды ұға аласың ба? Жыларсың бәлкім, жыл арасында. Сүрлеуің шыңға жол тартқанменен, Бұлт қонып жатыр бұғанасында. Жылдарым сенде «әттеңім» кеткен, Жазылмай көптен дәптерім кепкен. Бетпе-бет тағы кездестім тағдыр, Тәтті едің өмір, тәтті едің неткен! Жазылбек Қуанышбаев – 125 жыл Мойынқұмда Жаз атамның ауылы, Қасиетті Хан-Жамбылдың бауыры. Әнге қосып шырқағанда жастары, «Жазылбек» деп жаңғырады тау үні. Тыныштығын тілеп жүріп жер-көктің, Елің үшін ер атанып, тер төктің. Ардақтады Арқа, Алтай, Алатау, Арқасында адал сүйген еңбектің. Бірге өткізіп күннің көзін, ай нұрын, Ит-құсынан қаймықпаған айбының. Алдына сап айдап жүрген екен ғой, Аймақтағы бір халықтың байлығын. Ұрпағына үлгі болып арттағы, Қадірінің осы емес пе артқаны?! Еңбегімен екі өмірде елеулі, Қазағымның қазыналы қарттары. Жазиралы жайлауында қой бағып, Халық қамын жүрген түзде ойланып. Жаз атаның аты қалып мәңгілік, 125 жылы жатыр тойланып. Мұхтар, Шерхан,Оралхандар үш алып Мұхтар, Шерхан, Оралхандар үш алып, Үш қыры бар ақ найзаның ұшы анық. Қазақтағы әдебиет әлемі, Үш алыптан қуаттанар күш алып. Ойы терең адам – кемел, ел – теңіз, Кемеңгер – деп әңгіме, сыр шертеміз. Ұлылардың туған күнін құрметтеп, Даналармен бірге келді ерке күз. Жалпақ жұртқа жариялап жыл қалар, Әр жыл сайын таратылсын бұл хабар. Қыркүйектің аяғында бір күнде, Дүниеге келген екен тұлғалар. Кімге керек күнде жиын, Күлтөбе. Оранып ап, үлде менен бүлдеге. Заманының заңғар жазушылары, Мұхтар, Шерхан, Оралхандар бір төбе. Өткенімен келер күнді көре алмай, Ұмыт қалмас ойымызға оралмай. Тұлғалардың туған жері марқайсын, Қасиетті Тараз, Семей, Өр Алтай. Көзінен тамшы тамады Сарсаңға салып сананы, Көңіл де жарым-жаралы. Күле де алмай жарқылдап, Жақсылар кетіп барады. Адамның бар ма амалы, Жәудіреп жүрген жанары. Көздерін көрген асылдың, Сөздері қайда қалады. Қалады-ау, бәрі қалады, Бақытты күннің бал әні. Заманы мынау, зауқы жоқ. Көзінен тамшы тамады. Елімнің керек аманы! Дерт дендеп кетті даланы. Тоқтата көрші ей, Алла! Осынау бәле-жаланы! Ауылым Қыр астында жатыр менің ауылым, Жер-Анаға төсеп тастап бауырын. Көз алдымда көк аспанды бұлт торлап, Жай ойнатып, төккен нөсер жауының. Нөсерден соң асыр салар қозы-лақ, Қыр беткейі өзі бақша, өзі бақ. Адасып қап маңырайды маңайға, Дауыстары бір-бірінен озып-ақ. Ақ самаурын демін алмай, шай қайнап, Апам бізді шақыратын айқайлап. Дөңгеленген дастарқанда біздерді, Қарсы алатын құрт, ірімшік, бал қаймақ. Балалыққа бір барамыз көктемде, Ораламыз ой жіберіп өткенге. Мені еске алып жүр ме ата-анам, Көлегейлеп қарап қолын көк белге. Көктем көңіл жадырады, мұңлы еді Көктем көңіл жадырады, мұңлы еді, Жаным бірге жанарыңда гүлдеді. Өң мен түсім сала берді өзгеріп, Өзіңізбен бірге өмір сүргелі. Бұл фәниде маған қымбат Сіз барсыз, Биіктерге жетелейтін мұз-қарсыз. Күн шуағы түсіп тұрса жанына, Гүл де шыңда шыңдалады ызғарсыз. Тағдыр қосты, тауып көңіл жарасым, Біз шығатын шың да демек дара шың. Қарапайым ете гөрші, Жаратқан! Парасатты адамдардың санасын. Бабамның қалған мұрасы (толғау) «Жұртым!», деп соғып жүрегі, Қаламын қару етті ақын. Құрбан болғанның бірі еді, Жұртына боп ең жақын. Таңжарық сыймай әлемге, Он-он бір жастан құмартып, Мойнына үлкен жүк артып, Сыйғызды бәрін өлеңге. Қуғыннан қуғын көрді ақын, Көзі ашық оның болғасын. Қамалып қанша жүрсе де, Қамалдың бұзды ордасын. Сансырап ойлар жарысқан, Заман бір нәубет кез еді. Мыңменен жалғыз алысқан, Ойменен жалғыз жүзеді. Хаттарын жазып түрмеде, Қалдырған Алты Алашқа. Таңжарық Жолдыұлының, Данқымен ешкім санаспан. Қаншама зұлмат болса да, Бағыттан бір сәт таймаған. Қазақтар кетті қаншама, Арманын шексіз ойлаған. Даланы кезді жазықсыз, Сүрінді қазақ сол бір сәт. Алаштың құнын арттырып, Болған еді бәрі парықсыз. Тілі мен дінін, білімін, Сарқылып өмір қалғанша, Алашқа берген ұл қалды. Хаттардан хаттар зулады. Көзін ашып қазақтың, Бір сәтке тыныш тұрмады. Ақылды, дана кемеңгер, Жолдыұлының баласы. Қазақтан шыққан дарасы, Атанып қалды мәңгіге. Оятып қазақ санасын. Таңымыз жарық сәулелі, Сезінді Алаш әуелі. Атамыздың тағдыры, Біздер үшін мәуелі. Қалдырған бабам мұрасын. Бабадан қалған жыр асыл. Құлашты кеңге жая бер, Тәуелсіз ел боп қыр асып. Сен мені Сен мені қыста дауыл желден сұра, Болмаса мөлдір тұнық көлден сұра. Таудан сұра бастан бұлт арылмаған, Баудан сұра аң мен құс табылмаған. Күннен сұра кешқұрым бататұғын, Түннен сұра ай құшып жататұғын. Көктемнен де сұрай сал, көктем келсе, Өткеннен де сұрай сал өткел берсе. Күз бәлкім бір жауабын айта тұрар, Сұрай сал ол да ренжіп, жек көрмесін. Іздесең іздей бергін, таусылмағын, Жазда да бір елесім бар шығар бір. Таба алсаң, керегіңнің алшы бәрін, Ей, менің өлеңсүйер жан құмарым. Іздеуден шаршасаңыз өлеңмен кел, Жаға алсаң сол ғой менің шамшырағым. Ойлы ару Терезеге телміреді бір ару, Табатындай еркіндіктен бір тағат. Түнгі самал желпіндіріп қиялын, Айдан нені күтеді екен күн санап. Қылқаламын малып алып тірлікке, Салмақ болған тағдырының бейнесін. Ойға шомып отырғанда параққа, Тамып кетті абайсызда бір нүкте.