Жаңалықтар

Кореяда ұсталған екінші қазақстандық 15 жылға сотталуы мүмкін

Кореяда ұсталған екінші қазақстандық 15 жылға сотталуы мүмкін

Оңтүстік Кореяда шекарадан заңсыз өтпек болған Қазақстанның екі азаматы қамауда отыр, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Екеуі де кінәларын мойындап, туған жерінде отбасын асырау үшін жұмысқа ұшып келгендерін айтқан. Оңтүстік Корея полициясы оларды шекараны заңсыз кесіп өтіп, қашып кетті деп айыптады. Қазір екі азамат қамауда отыр. Қордың қолдауымен бір қазақстандық жақында елге қайтарылады. Корея билігінен 3 күн бойы жасырынып, ақыры ұсталған екінші қазақстандық алдағы 3 айды жергілікті түрмеде өткізеді. Корея заңы бойынша, Қазақстан азаматы 15 жылға сотталуы мүмкін, бірақ оның өз еркімен берілуі жауапкершілікті жеңілдететін жағдай ретінде ескеріледі.