Саясат

АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАР АЙҚЫНДАЛДЫ

АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАР АЙҚЫНДАЛДЫ

Бүгін Тараз қаласы әкімдігінде сегізінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының бірінші сессиясы өтті.

Тараз қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Арын Асқарбековтың айтуынша, қалалық мәслихаттың бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайлауға 82 кандидат түсіп, 27-сі депутат болып сайланған. 27 депутаттың 20-сы ер, 7-еуі әйел. Сондай-ақ А.Асқарбеков 35 жасқа дейінгі 4, 35-63 дейінгі 23 депутат бар екенін айтты. Депутаттық корпустың орташа жасы 44-ті құрап отыр. Білімдері жоғары. Оның ішінде инженерлер – 6, экономистер – 5, оқытушылар – 7, заңгерлер – 2, медицина саласының қызметкерлері – 3, басқа да мамандық иелері – 4. Жаңадан сайланған сегізінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының төрағасы болып Кенжебек Олжабай тағайындалды. Кенжебек Мамашбайұлы депутаттарды жаңа мандаттарымен құттықтап, сәттілік тіледі. Әрмен қарай депутаттарды әр салаға байланысты тұрақты комиссияларға бөлді. Және сол комиссиялардың төрағаларын сайлады.

Э.БАЙНАЗАРОВА