Қоғам

Сотталған азаматтарды тәрбиелеумен қатар құқықтарын қорғау - басты назарда

Сотталған азаматтарды тәрбиелеумен қатар құқықтарын қорғау - басты назарда

Бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіне облыс прокурорының орынбасары Әділ Кәрім және адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Берікбол Байхожаев арнайы келіп, жазасын өтеушілерді жеке сұрақтарымен қабылдады. Жалпы, бұл кездесудің басты мақсаты – жабық мекемелердегі тәртіптің болуын қамтамасыз ету әрі сотты болғандардың құқықтарының сақталуын бақылауға алу. Бұл күні қос маман әуелі мекеме аумағына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, жазасын өтеушілерді жеке қабылдау барысында олардың көкейіндегі сан сауалға нақты жауап берді.