Жаңалықтар

Премьер-министр кандидатурасы қашан ұсынылады? Ерлан Қошанов жауабы

Премьер-министр кандидатурасы қашан ұсынылады? Ерлан Қошанов жауабы

Amanat партиясының төрағасы, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов партия еліміздің жаңа премьер-министрін қашан ұсынатыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қошановтың айтуынша, бұл алдағы күндері – бейсенбі немесе жұма күндері болады.

Сондай-ақ, партия төрағасы Amanat өзі ұсынған премьер-министрдің барлық қателігі үшін "заңға сәйкес" жауап беретінімен келісті.