Әлеумет

Бұрыш баллонынан зардап шеккен алматылық оқушылардың жағдайы белгілі болды

Бұрыш баллонынан зардап шеккен алматылық оқушылардың жағдайы белгілі болды

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы № 96 мектепте бұрыш баллонынан зардап шеккен балалардың жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына үш бала жатқызылды. «Үшеуінің де жағдайы орташа қалыпты. Барлық қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр»,- деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. Бұған дейін №96 жалпыға білім беретін мектептің 9-шы сынып оқушысы, қоңырау уақытында дәретханада баллоннан бұрыш шашып, соның салдарынан жанында тұрған 7 оқушының зардап шеккені туралы жазған болатынбыз.