Білім

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ – БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ЭЛЕМЕНТ

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ – БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ЭЛЕМЕНТ

Қызығушылықпен жұмыс істейтін адам өзіне қуаныш қана емес, қоғамға да үлкен пайда әкеледі. Мұндай қызығушылық мектепте ғылым мен техниканың белгілі бір саласын түсінуге және білуге деген ұмтылыс пайда болған кезде қалыптасады.

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің былтыр Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты болып қайта тіркелуіне байланысты білім беру қызметі 2022 жылғы 26 қазандағы №KZ30LAA00032738 мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырылып келеді. 2022 жыл – институт білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттікте (IQAA) 12 білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық аккредиттеуден және институционалдық халықаралық аккредиттеуден сәтті өтті. Бүгінгі таңда Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ студенттердің, магистранттардың оқу процесін, ғылыми жұмысын және бос уақытын ұйымдастыруға қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылымы бар жоғары оқу орны болып отыр. Жаратылыстану факультеті, «Жаратылыстану ғылымдарының мамандықтары» кафедрасының профессор оқытушылар құрамында 3доктор, 7 ғылым кандидаты, 10 жаратылыстану магистрі қызмет етеді. 2017 жылы 1 қыркүйекте «Математика», «Физика» және «Химия» білім беру бағдарламалары біріктірілгеннен кейін кафедраның негізі қаланып, «Жаратылыстану ғылымдарының мамандықтары» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедрада «Математика», «Физика», «Химия» білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларды, «Математика және физика» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану пәндері мұғалімдерін және «Математика», «Физика» білім беру бағдарламалары бойынша магистрлерді дайындайды. Яғни қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін білім деңгейін қамтамасыз етеді. Айталық, «Математика» білім бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдары, техника, экономика саласындағы процестер мен құбылыстардың математикалық модельдерін әзірлеп, бағдарламалық кешендер құруды іске асырады. Сондай-ақ білім беру жүйесінде оқыту, математиканы пайдаланумен байланысты салалардағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жаратылыстану ғылымдарының есептерін шешу үшін математикалық модельдер мен бағдарламалық кешендерді әзірлейді. Одан бөлек экономика мәселелерін шешу үшін математикалық модельдер мен бағдарламалық кешендерді, ғылыми-техникалық есептерді шешу үшін математикалық модельдер мен бағдарламалық кешендерді әзірлеп, теориялық және қолданбалы математика есептерін шешеді. Бітірушінің кәсіби қызмет саласы – математика, математика және қолданбалы математика, математика және жүйелік бағдарламалау, математикалық және компьютерлік модельдеу, экономикадағы математика, актуарлық математика. Бітірушілер ғылыми-зерттеу, білім беру ұйымдарында, банк саласы және сақтандыру компаниялары мен қаржы құрылымдарында жұмыс істей алады. Сондай-ақ ғылыми-зерттеу, жобалау, ұйымдастыру-технологиялық және өндірістік-басқару, эксперименттік, білім беру, болжамдық, математикалық-экономикалық, математикалық-актуарлық сынды кәсіби қызмет түрлерімен айналыса алады. «Физика» білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім беру, тәрбие процестері мен ҒЗЖ құзыреттілік тәсілін енгізу негізінде өзін-өзі дамытатын және өзін-өзі жүзеге асыратын тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін білім беру ортасын құру. Өз бетінше ойлау қабілетін, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу қабілетін дамыту. Және де студенттердің жеке ерекшеліктерін ескеретін жағдайларды қамтамасыз етеді. Одан бөлек оқу процесінде деңгейлік бағдарламаларды кеңінен енгізу арқылы оқу процесінде шығармашылық атмосфераны, оқушылардың оқу іс-әрекетіне деген оң уәжін қалыптастырады. Бітірушілер эксперименттік, теориялық және қолданбалы физика, сонымен қатар табиғи және техникалық ғылымдар, білім беру, оның ішінде педагогика, орта мектептерде физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі сияқты кәсіби қызмет салаларында еңбек ете алады. Ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларда, жобалық және инженерлік бюролар мен фирмаларда, мемлекеттік білім беру ұйымдары мен білім беру кәсіпорындарында, сондай-ақ үкіметтік емес білім беру ұйымдарында қызмет етуге мүмкіндіктері бар. «Физика» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар зерттеу, педагогикалық, ұйымдастырушылық және басқарушылық, жобалық және технологиялық кәсіби қызмет түрлерін орындай алады. «Химия» білім беру бағдарламасының мақсатына тоқталсақ, ойлау дербестігін, өзін-өзі дамыту және өздігінен білім алу қабілетін дамыта отырып, білім алушылардың жеке-тұлғалық ерекшеліктерін ескеретін жағдайларды қамтамасыз етеді. Деңгейлік бағдарламаларды оқу үдерісіне кеңінен енгізу арқылы білім беру үдерісінде шығармашылық атмосфераны құрып, білім алушылардың оқу процесіне позитивті уәждемесін қалыптастырады. Бұл білім беру бағдарламасын бітірушінің кәсіби қызметінің нысандарына аналитикалық, экологиялық, кедендік, санитарлық-эпидемиологиялық, сертификациялық қызметтердің өндірістік зертханалары; химиялық, экологиялық, металлургиялық, фармацевтикалық бейіндегі ғылыми-зерттеу ұйымдары (институттар, зертханалар), жалпы орта білім беретін мектептер, колледждер, лицейлер, гимназиялар, білім бөлімдері жатады. «Математика және физика» білім беру бағдарламасының мақсаты – математика және физика салалары бойынша жоғары білікті, педагогикалық қызмет саласындағы әлеуметтік мәні бар міндеттерді заманауи ғылыми-практикалық деңгейде, шығармашылық және жоғары кәсіби деңгейде шешуге қабілетті білікті мамандарды даярлау және жаңа формациядағы педагогты қалыптастыру. Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін білім деңгейін қамтамасыз ету үшін жаратылыстану ғылымдары саласындағы үдерістер мен құбылыстардың математикалық модельдерін жасау және білім беру маңызды. Білім беру жүйесінде оқыту, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру және жүргізу де осы заман талабы. Педагогикалық білім беру мәселелері бойынша тәжірибелік-эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізуде математика мен физиканы пайдаланумен байланысты салалардағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Жаратылыстану ғылымдарының есептерін шешу үшін математикалық модельдер мен бағдарламалық кешендерді әзірлеу, сондай-ақ ғылыми-техникалық есептерді шешу үшін математикалық және физикалық модельдер мен бағдарламалық кешендерді әзірлеу, теориялық және қолданбалы математика мен физика есептерін шығару және шешу – басты талаптың бірі. Білім сапасының деңгейін арттыру, озық педагогикалық технологияны меңгеру және оны практикалық қызметке енгізу, оқушылардың жалпы білім беру және физикалық дамуын қамтамасыз ету отандық және әлемдік стандарттардың талаптарына байланысты енгізіліп отыр. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары жойылмалы эллиптік түрдегі операторлардың спетральді бағалаулары, стационарлы сүзілетін ағындарға кері есептердің қойылымы және шешімдері, радиациялық және терморадиациялық процестерді зерттеу секілді бағыттарда жүргізіледі. Түсті және сирек кездесетін металдарды радиациялық-технологиялық әдіспен өңдеу, тау-кен өндірісіндегі экологияның кейбір мәселелерін математикалық модельдеу әдісімен шешу, экстракциялық фосфор қышқылын тазалау технологиясын жетілдіру және адсорбенттердің тиімді түрлерін таңдауды ғылыми негіздеу де кафедраның негізгі бағыттарына жатады. Кафедра ғылыми-техникалық ынтымақтастық бағытында Ресей ғылым академиясының «Машина жасау проблемалары институты», Мәскеу физика-техникалық институты (мемлекеттік университеті), ҚР Ұлттық ғылым академиясының «Ядролық физика институты», Қ.Сәтпаев атындағы Казақ ұлттық техникалық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Физика және техника» институтымен келісімшарттар жасасқан. Сонымен қатар мұндай келісімшарт Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығының «Ядролық ғылыми зерттеу» институтымен, Қырғыз Республикасының И.Раззақов атындағы Ұлттык техникалық университетінің Химия технологиялық институтымен, Тараз қаласының мекемелері мен орта мектептері, «Қазфосфат» ЖШС, «Cу шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты», «Тараз-Ғасыр» колледжі, Білім кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжі, №15 мектеп-гимназия, №9 Меркі колледжі арасында да бар. «Физика» білім беру бағдарламасының мақсаты – физиканың іргелі және өзекті бағыттары бойынша терең, жүйелі теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар, ғылыми-зерттеу, аналитикалық және педагогикалық іс-әрекеттерде өзін-өзі дамытуға және іске асыруға қабілетті магистрлерді даярлау. Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін білім деңгейін қамтамасыз ету ғылыми және педагогикалық дайындық үшін қажет. Осы салада қолданылатын зерттеу әдістері мен біліктері бөлігінде оқыту саласын жүйелі түсінуді көрсету, ғылыми зерттеулердің кешенді процесін жоспарлау, әзірлеу, іске асыру және түзету, ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялануға лайық ғылыми бағыттың шекарасын кеңейтуге өзіндік ерекше зерттеулермен үлес қосу, жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу – қазіргі оқыту үдерісі талабының бірі. «Математика» білім беру бағдарламасының мақсаты – ғылыми және педагогикалық даярлық бойынша білім мен ғылымды интеграциялау негізінде қоғамды, білімді, ғылымды жетілдіру проблемаларын шешуге, серпінді технологияларды әзірлеуге қабілетті жаңа формациядағы ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың тиімді жүйесін құру. Магистранттардың әлеуетті мүмкіндіктерін ашуға, құзыреттіліктерді –магистранттардың белгілі бір кәсіби міндеттер класын өзгеретін жағдайларда шешуге интегралдық қабілеттерін қалыптастыруға стратегиялық бағдар беру – қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін білім деңгейін қамтамасыз етудің басты шарты. «Физика» мамандығының студенттері 2016-2017 оқу жылында физика пәнінен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен Республикалық студенттік олимпиадаға қатысты. Физ-15-1 оқу тобының студенті Арайлым Ералхан жүлделі III орынға ие болып, 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. 2017-2018 оқу жылында Физ-15-1 тобының студенті Нурсая Айниязова II республикалық «STARTUP BOLASHAK – Моя мечта» байқауына қатысып, жартылай финалға жолдама алды. «Физика» мамандығының студенттері Әйгерім Түлкібаева, Ақмарал Шыңғыс, Баянсұлу Өсербаева 2018-2019 оқу жылында физика пәнінен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен Республикалық студенттік олимпиадаға қатысып, сертификат алды. Бұл біздің студенттер үшін үлкен жетістік.

Абай ШЫРАҚБАЕВ, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Жаратылыстану ғылымдарының мамандықтары» кафедрасының меңгерушісі,

Жанар ЕСДАӘУЛЕТОВА, кафедраның аға оқытушысы