Әлеумет

Ақылы жолдарға «Сергек» камералары орнатылады

Ақылы жолдарға «Сергек» камералары орнатылады

Қазақстандағы 11 мың ақылы жолға «Сергек» камералары орнатылады. Бұл туралы ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі  Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Елімізде жыл сайын 2 мыңнан аса адам көлік апатынан көз жұмады. Апатқа басты себептің бірі – жүргізушілердің көлік жылдамдығын асыруы. «Жүргізушілер жолда жылдамдықты асырады. Астана – Бурабай тас жолында барлық камера істеп тұр. Онда сағатына 140 шақырым жылдамдықпен жүруге рұқсат берілген. Алайда жүргізушілер сағатына 180-200 шақырым жылдамдықпен жүреді.

Осыған байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2030 жылға дейін ақылы жолдарға «Сергек» камераларын орнатуды жоспарлап отыр.

Оның айтуынша, жолдарға орнатылатын камералар «Сергек» сияқты жұмыс істейді.

Жүргізушілердің тәртібін бақыласақ, бұл (көлік апатынан қаза табатындардың санын, – автор) азайтуға мүмкіндік береді», - деді Амангелді Беков.