Мемлекеттік аудиттің маңызды бөлігі – қаржылық есептілік аудиті
Мемлекеттік аудиттің маңызды бөлігі – қаржылық есептілік аудиті
Кез келген мемлекет үшін өзекті мәселелердің бірі болып мемлекеттік қаржы, мемлекеттік меншік, табиғи байлық, тағы сол сияқты маңызы жоғары ұлттық ресурстарды басқару тиімділігін арттыру табылады. Жалпы алғанда, мемлекеттік аудиттің мақсаты бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады. Өз кезегінде, қаржылық есептілік аудиті – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығын, негізділігін бағалауға негізделген мемлекеттік аудиттің түрі болып табылады. Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ретінде, өз құзіреті шегінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жыл сайынғы аудит жүргізеді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 272 "Қаржылық есептілік аудиті" рәсімдік стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қаржылық есептілік (шоғырландырылған қаржылық есептілік) аудитінің мақсаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің анықтығын негізделген растауды алу болып табылады. Департаменттің 2022 жылға бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және «Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізілуде, нәтижесінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларында белгіленген көлемде және нысандар бойынша қаржылық есептілігі және республикалық және жергілікті бюджет есебінен ұсталатын бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығымен бекітілген Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларында белгіленген көлемде және нысандар бойынша шоғырландырылған қаржылық есептiлiктерін жасау мен ұсынуда бірқатар кемшіліктер анықталды. Басқарманың шоғырландырылған қаржылық есептілігінің шынайылығын анықтау мақсатында оған қарасты мекемелердің қаржылық есептілігіне үстеме тексерулер жүргізілді: - «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма); - Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Жамбыл облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік архив); - Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Дирекция); - Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Тарихтану орталығы) ; - Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Ш.Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ғылыми кітапхана). «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жыл үшін қаржылық есептілігіне жүргізілген аудит барысында жалпы сомасы 160 899,0 мың теңге бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылық 30 489,7 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылық 130 409,3 мың теңге, оның ішінде қаржылық есептілікке әсер еткені – 130 409,3 мың теңге. Айта кететін жағдай, дебиторлық және кредиторлық берешектің аудиті, қорлар аудиті, ұзақ мерзімді активтер, өзге де активтер аудитімен, Басқарма және оған қарасты мекемелер тарапынан Бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының, Есеп саясатының, Қаржылық есептілік нысандарын жасау мен ұсыну қағидаларының талаптары сақталмау салдарынан, бұзшылықтар мен кемшіліктер анықталып, ол өз кезегінде 2022 жылдың 1-ші жартыжылдығына қаржылық есептіліктің Бухгалтерлік баланс нысанының тиісті жол кодтарында шынайы көрініс таппауына, яғни бұрмалануына әкеліп соққан. Атап айтқанда, қорлар мен ұзақ мерзімді активтерді бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте бастапқы тану, мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзімді активтері бойынша тозудың жылдық нормаларын қолданып, амортизацияны есептеу және оны есепте көрсету, қорларды есепке алу және есептен шығару, еңбек ақы және іссапар шығындарының дұрыс есептелуі мен есепке алынуы, Республикалық және жергілікті бюджеттен берілетін трансферттер қаражаттарының бағдарлама әкімшісіне уақтылы қайтарылуы бойынша заңнама талаптарының сақталмауы орын алған. Аудит барысында анықталған бұзушылықтар Аудиторлар тарапынан берілген ұсыныстар негізінде қалпына келтіріліп, 2022 жыл үшін жылдық қаржылық есептілік нысандарында дұрыс көрініс табуына қол жеткізілді. Департамент, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және мемлекеттік мекемелерге, тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға бекітілген тізбесіне сәйкес, шоғырландырылған қаржылық есептіліктің/қаржылық есептіліктің шынайылығына жыл сайынғы аудит жүргізілетінін ескертеді.
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің басшы М.Т.Егембердиев