Жамбыл жаңалықтары

Таразда өрттен 20 адам құтқарылды

Таразда өрттен 20 адам құтқарылды

Тараздық өрт сөндірушілер өрттен 20 адамды қауіпсіз орынға көшірді, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қоғаммен байланыс жөніндегі тобының мәліметінше, 2023 жылдың 23 наурызында сағат 21.41-де Тараз қаласы, 5 шағын ауданы, 5 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтердің бірінің балконынан өрт шықты. Өрттің ауданы 5 шаршы метрді құраған. Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 3 бірлік техника мен жеке құрамынан 8 адам шығып, өрт сөндіру және адамдарды қауіпсіз орыға шығару жұмыстарымен айналысқан.