Енді несиеңізді басқа несиемен жаба алмай қалуыңыз мүмкін
Енді несиеңізді басқа несиемен жаба алмай қалуыңыз мүмкін
Енді несиеңізді басқа несиемен жаба алмай қалуыңыз мүмкін, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.
Қазақстандықтар 90 күннен бері банктегі қарызын төлемесе, несие мен микрокредиттер ала алмауы мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айтты. Агенттік басшысы былтыр қарашада азаматтардың банк алдындағы қарызы 14 триллион теңгеге жеткенін айтты. Құжат «Ашық» үкімет порталында жарияланды. Заң жобасын талқылау 2023 жылдың 6 сәуіріне дейін жалғасады.