ЖАМБЫЛДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ӨНІМДЕРІ КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕГЕ ШЫҒАРЫЛДЫ
ЖАМБЫЛДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ӨНІМДЕРІ КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕГЕ ШЫҒАРЫЛДЫ
Шараға облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев, 15 тауар өндіруші мен қолөнершілер қауымы қатысты. Көрменің басты мақсаты – отандық тауар өндірушілердің жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдерімен кеңінен танысу, жаңа серіктестер іздеу және өзара тиімді келісімдер жасасу. Көрме отандық өндірушілерді насихаттауға бағытталған және кәсіпорындарды дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге және импортты алмастыратын өнімдердің ассортиментін арттыруға ынталандыруды көздейді. Шараға іскерлік байланыстарды орнату үшін мердігер компаниялар, әртүрлі саладағы жобалық ұйымдар, қонақүй және мейрамхана бизнесінің өкілдері, сауда және дистрибьюторлық компаниялар және жергілікті атқарушы органдар шақырылған. Көрмеде химиялық, машина жасау, тамақ, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары мен агроөнеркәсіп кешенінің 100-ден астам кәсіпорны өз өнімдерін ұсынды. Сондай-ақ қолөнершілердің бұйымдары қойылған. Көрме-жәрмеңкеде өңірлер арасында кәсіпорындар ынтымақтастық жөнінде келіссөздер жүргізді.