Жамбыл жаңалықтары

«Жастықтың жалынды жырлары»

«Жастықтың жалынды жырлары»

Бүгін Дүниежүзілік поэзия күнін. Осыған орай Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Жастықтың жалынды жырлары» атты поэзия кеші өтті. Кештің мақсаты – қазақтың поэзия әлеміндегі майталмандарының шығармаларын оқырмандарға кеңінен насихаттау. Іс-шара Ж.Жабаев атындағы №5 гимназия оқушыларының «Қамажай» биімен ашылса, Абай атындағы Дарын мектеп-гимназиясының оқушылары ақын-жазушылардың шығармаларын мәнерлеп жатқа оқыды. Поэзия кешінде ақиық ақын – Мұқағалидың туындылары жайында бейнеролик көрсетіліп, кітапхана қызметкері Нұргүл Сағатбекова ақынның сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» әнін орындап, поэзия падишасы – Фариза туралы көрініс сомдалды. Сонымен қатар облыстық жасөспірімдерді тәрбиелеу орталығының тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салды. Жыр кешінде Облыстық жасөспірімдер орталығының тәрбиленушісі Жансая Байтұрсынова «Алғыс» әнімен көпшілікті тәнті етті. Ал, № 32 орта мектептің оқушылары көрермен ретінде қатысты. Кеш соңында «Мұзбалақ ақын», «Поэзия падишасы» тақырыбында көрме жасақталып, атсалысқан оқырмандар алғыс хатпен марапатталды.