Білім

14 оқушы уланған: Республикалық олимпиаданың бағдарламасы өзгерді

14 оқушы уланған: Республикалық олимпиаданың бағдарламасы өзгерді

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова Шымкенттегі олимпиадада болған мәселеге пікір білдіріп, жоспарланған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы олимпиаданың өткізу форматын өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Олар Шымкенттегі олимпиадаға қатысушы оқушылармен кездесіп, жағдайын білдік. Командалардың жетекшілерімен кездескен. Шолпан Каринованың айтуынша, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға 891 оқушы қатысып жатыр. Олимпиада Ережеге және бекітілген жоспарға сәйкес өткізіліп жатыр.

Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі жағдайдың туындау себептерін анықтау бойынша барлық қажет шараларды қабылдап жатыр. Денсаулық сақтау басқармасымен, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен келісе отырып, балалардың тамақтану орны қалалық мектеп-гимназия асханасына ауыстырылған. Сонымен қатар, штаб отырысында әділқазылар алқасы мүшелерімен бірге ауырған мектеп оқушыларының олимпиадалық қорытындылары мәселесі қарастырылды. Әр бала бойынша әділ, объектив шешім қабылданатын болады. Штаб мүшелерімен олимпиаданың қорытынды кезеңінің салтанатты жабылу рәсімін жұмыс тәртібіне ауыстыру туралы шешім қабылданған. Сондай-ақ, жоғарыда орын алған жағдайға байланысты Шымкент қаласында 3-8 сәуір аралығына жоспарланған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы олимпиаданың өткізу форматын өзгертіп, өңірлерде өткізу туралы шешім шығарылған.