Қазақстанның оңтүстігінде тағы да жер сілкінді
Қазақстанның оңтүстігінде тағы да жер сілкінді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 наурыз күні сағат 02:07-де жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі.
Ведомство таратқан дерекке қарағанда, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 740 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан.
МСК-64 шкаласы бойынша зілзала Шымкент, Тараз қалалары мен Түркістан облысында 2-3 балдық деңгейде сезілді.