Ауғанстанда болған жер сілкінісі Шымкент пен Таразда сезілді
Ауғанстанда болған жер сілкінісі Шымкент пен Таразда сезілді
Ауғанстанда (Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 848 шақырым қашықтықта) 7.8 баллдық жер сілкінісі болды. Оны Тараз бен Шымкент қалаларының тұрғындары да 3 баллдық деңгейде сезінді деп хабарлайды Arainfo тілшісі.
Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметі бойынша, жер асты дүмпулері бүгін сағат 22:47 шамасында тіркелген.Қираған ғимараттар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Тұрғындар аталған қалаларда екі рет жер сілкінгенін айтады.