Жамбыл жаңалықтары

Дауыс беру ұйымшылдықпен өтуде

Дауыс беру ұйымшылдықпен өтуде

Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында орналасқан №35 сайлау учаскесінде Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына дауыс беру қарқынды жүруде. Келген сайлаушылардың көңіл күйі көтеріңкі.

№35 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Айгүл Ашированың айтуынша, 11.00-гі мәлімет бойынша, 180-нен астам сайлаушы өз таңдауын жасаған екен. Жалпы аталған учаскеде 2 581 дауыс беруші тіркелген. – Сайлау учаскесі жұмысын таңғы сағат 07:00-де бастады. Халықтың белсенділігі өте жоғары. Жастар да, қарт адамдар да толассыз келіп, өз таңдауларын жасауда. Ешқандай заң бұзушылық орын алған жоқ. Сондай-ақ 41 сайлаушыдан үйден дауыс беру туралы өтініш түсті. Түскі сағат 12:00-ден кейін 41 азаматтың үйіне барып, дауыстарын алатын боламыз, – дейді А.Қуанбекқызы. Дауыс беріп шыққан ақсақалды сөзге тартқанымызда, зерлі шапан киген қазақы қалыптағы қария Ұлыстың ұлы күнімен қатар келген сайлаудың халықтық мерекеге айналғанын айтты.